Семей.30.11.”Semeyainasy”- «Рух Сана» ұлттық академиялық орталығында Республикалық «Дарындылықты дамыту» орталығы «Рухани жаңғыру» штабы «Рух Сана» орталығының ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған I Республикалық «Сәулең болса кеудеңде» атты байқау өтті.
Шараның негізгі мақсаты барлық мектептерде «Абай әлеміне саяхат» атауымен ашылған үйірменің жұмысын жандандыру. «Тәрбиемен білім» бағдарламасындағы , «Рухани жаңғыру» мақаласындағы, « Туған жер» бағдарламасындағы , «Өз еліңе қызымет ет» деген әртүрлі жобалар аясында ұйымдастырылды.
Республикалық байқауға Ақмола, Көкшетау, Алматы ,Талдықорған сондай-ақ Шығыс өңірінің аудандары Тарбағатай, Жарма, Катонқарағай сынды еліміздің түпкір- түпкірінен 100 ден астам қатысушылар қатысты.
«Рух Сана» ұлттық академиясының оқытушысы Дүйсебаева Жанар: Жас өспірімдердің рухани аңсауы, руханиятқа шөлдеуін сезіп отырмын, үйткені ауарайының қолайсыздығына қарамай сонау алыстан көптеген қатысушыларымыз келіп отыр. Абай әлемімен сусындап өсіп келе жатқан бүлдіршіндерміздің болашағы айқын боларына және ел тізгінін ұстайтын азаматтарымыз шығарына сенімдімін деді.
Мәнерлеп оқу сайысына 5 жаспен 18 жас арасындағы оқушылар қатысты. Республикалық доданың бағыттары Абайдың өлеңдерін мәнерлеп оқу, әндерін орындау, Абай өлеңдерінің желісі бойынша сурет салу сонымен қатар аспаптық шығармалармен өнер көрсету. Республикамыз бойынша 60 астам мектепті қамтып отырған «Сәулең болса кеудеңде» тақырыбындағы Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысы жыл сайын өз жалғасын таппақ.
Ғалбият Нұрзат