Калькулятор расчета монолитного плитного фундамента тут pechenka.online
Как снять комнату в коммунальной квартире здесь
Дренажная система водоотвода вокруг фундамента - stroidom-shop.ru
“Алтай” ФК жаңа маусымға дайындалуда – Semeyainasy
Домой / Новости / Город / “Алтай” ФК жаңа маусымға дайындалуда

“Алтай” ФК жаңа маусымға дайындалуда

data-ad-slot="1867841055">

20190222_160000
Семейде “Алтай” ФК өкілдерінің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Жаңа маусымға дайындық аясында алтайлықтар екі оқу-жаттығу жиынын өткізіп үлгерген . Дайындық жұмыстары Шымкент қаласында өтуде . Осы айдың соңында облыстың бас командасы еліміздің оңтүстігіне өзінің үшінші қорытынды жиынын өткізуге аттанатын болады .

– 19 наурызда жаңа маусым басталады,-деп нақтылады “Алтай” ФК баспасөз хатшысы Думан Балықбаев. – Маусым Қазақстан кубогының іріктеу ойындары аясында басталады. Жеребе нәтижесі бойынша “Алтай “” Рузаевка “/СҚО/,”Қызыл-Жар “/Петропавловск/ және”Екібастұз” командаларымен бақ сынасады . Былтырғы маусымда ШҚО командасы жарысты осы кезеңде аяқтаған болатын.

Қазіргі уақытта команда құрамында 18 футболшы бар. Үшінші жиын барысында жаңа ойыншылармен толығатын болады. Футболшылар саны азайғанымен Алексей Шакин, Алтынбек Төлеев, Дәурен Қайқыбасов, сондай-ақ Сергей Дудкин және Алексей Подпругин сияқты негізгі құрам ойыншылары келісімшарттарын ұзарттып алдағы маусымды “Алтай” сапында өткізеді. Сондай-ақ жергілікті футбол орталығының екі тәрбиеленушісі 2000 және 2001 жылы дүниеге келген жас жігіттер Досжан Кенжеғұлов пен Нұрсұлтан Советқазы негізгі құрамда өнер көрсететін болады.

Бірінші лига 6 сәуірде өз бастауын алады . Өткен маусымды төртінші орында аяқтаған біздің құрама биылғы біріншілікте топ жару үшін барын салатын болады. Маусымның алғашқы ойындарын Өскемен қаласында өткізіп, мамыр айының алғашқы онкүндігінде Семей қаласына келу жоспарлануда .
Баспасөз мәслихаты барысында қыздар футбол орталығы құрылатыны белгілі болды. Қазір команда жиналуда.

Кездесуді қортындылаған қалалық спорт бөлімінің басшысы Мұрат Құржықаев футбол командасынның қаржыландыру мәселесі шешілгенін жеткізді.

Семей ақпараттық орталығы
Фото: Семей Ақпараттық Орталығы

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

В каких городах Казахстана самый загрязненный воздух

Читали: 3 769 data-ad-slot="1867841055"> Семей. 15.06. “Semeyainasy” – Министр экологии, геологии и природных ресурсов РК Магзум …

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ