Алғыс күні аталып өтті

Семей. 02.03. “Semeyainasy” – 1 наурыз күні Семей қаласының Мәдениет сарайында Республикалық алғыс айту күніне арналған ” Алғысымз шексіз” атты мерекелік концерт өтті.

Талай тағдырлардың басын өз шаңырағының астына біріктіріп, қанатымен су сепкендей қамқорлығына алған Қазақстанда адамның адамға құрмет көрсететін күні белгіленіп тойланып келеді. Елбасымыз барлық этностардың бір-біріне және қазақ халқына алғыс айту күнін бекітті. Бұл мереке биыл 5 рет аталып өтілуде. Сонымен қатар 1 наурыз Қазақстан халық ассамблеясының құрылғанына 25 жыл толып отыр. Ұлт пен ұлысты ұйыта білген елімізде әртүрлі халықтың бірлігі жарасап, бір үйдің балаларындай бейбітте берекелі өмір сүріп отыр.

Семей қаласы әкімінің орынбасары Садырбаев Айдар Серікқазыұлы: кез-келген ұлттың атын әспеттеп, тұлғасын даралайтын қасиеті болады. Ұлы даланы ен жайлаған қазақ халқының дархан көңілі, қонақ жайлығы, бауырмалдығы біздің атымызды әйгілеп тұғырымыздың берік орнауына себепкер болған ұлы қасиетіміз. Осы қасиетті өсиеті балаған қазақ халқы елбасына күн туған кезде де шаңырағы ортаймай бір нанды бөлісіп, қаншама халықты бауырына басқан еді. Сол құндылықтар заманалар өзып, дүние дидар өзгерседе еш қасиетін жоғалтқан емес. Жүз отыз ұлт бір шаңырақ астында, бір мүдде, бір мақсат, бір болашақ деген ұранмен бірігіп берекеміз жарасып өмір сүріп келеміз. Осы берекеміз ұзағынан болсын деп қала жұртын алғыс айту күнімен құттықтады.

Қазақстан халық ассамблясы бүкіл әлемге қазақстанның этнос аралық қатынастар саласында жүргізіп отырған саясаттың табысты екенін паш етіп келеді. Бүгінде Қазақстаның барлық ізгі қадамдарының бел ортасында жүрген ассамблея елмен бірге өсіп, кемелденіп толыққанды конститутциялық органға ұлт бірлігі идиологиясының басты тірегіне айналды. Халықтың соғыссыз, шекаралық шиеленіссіз, этнос аралық дау жаңжалсыз өмір сүруі бұл бүгінгі таңда бүкіл әлем үшін өзекті мәселеге айналып отыр. Ұлт бірлігі басты байлық деп есептейтін еліміздегі әр халықтың өкілдері алғыс айту күніне арнадған кеште ұлттық нақышын айқындайтын әндерін орындап, билерін билеп көрерменге тамаша көңіл күй сыйлады.
Ғалбият Нұрзат

Semeyainasy.kz
Добавить комментарий