Семей. 01.10.2019. “Semeyainasy”. Шәкәрім университеті қала тұрғындарын тағыда ерекше көңіл күйге бөледі.Орталық алаңда жылдағы дәстүрін қайта жалғастырып «Семей менің жүрегімде» фестивалін өткізді.Күнің сұығына қарамай жиналған мыңдаған көрермен униврситеттің 85 жылдық мерей тойының күәгері болды.Сондай-ақ университет түлектері арасында мәдениет,өнер,қоғамдық-саяси саланың еңбек сіңірген қайраткерлері,еліміздің ауқымында ғана емес, сонымен қатар шет елдерден де туған қаласының атын паш етіп жүрген көрнекті ғалымдар қатысты.
Төртінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған фестиваль аясында жоғары оқу орнына жаңа аяқ басқан студенттерді қабылдау рәсімі өтті. Биылғы оқу жылында 102 алтын белгі иегерлері университет табалдырығын аттаған екен.
Фестивальдің ең басты бөлімі – ұтыс ойындары болды.Университеттің ақылы бөліміне оқуға түскен 1 курс студенттері арасындағы ұтыс ойынының басты сыйлығы-демеушілер тарапынан автокөлік,4 жылдық тегін оқу мүмкіндіктері тұды. Су жаңа көліктің иесі- гуманитарлық факультет, психология мамандығының студенті Рыспаева Назгүл иеленді. Төрт жылдық оқу грантын – гуманитарлық факультет, шет тілі мамндығының студенті Бигаримов Мақсат иеленді.
Екінші жыл қатарынан фестивальге демеушілік көрсетіп,университет студенттеріне автокөлік сыйлап отырған Экономика және менеджмент үшін Швейцария қолданбалы ғылымдар мектебінің ректоры Доминик Джордан бұл жолы да автокөлікті өз қолымен табыстады.
Фестиваль аясында 2019 жылдың қос дипломды түлегі Жаныбекова Анельге Шәкәрім университетінің және Оңтүстік Кореяның Джонгсанг университетінің дипломдары табысталды.Орталық алаңға жиналған қала халқы фестивальдің арнайы қонақтары Ресей эстрада жұлдыздары Кай Метов және Қазақстан эстрада жұлдыздары ағайынды Жүгінісовтер,Capitai Rick cондай-ақ dj Bruno сынды танымал әншілерді тыңдап тамаша от шашу сәтінің күәгері болды.
Нұрзат Ғалбият