Калькулятор расчета монолитного плитного фундамента тут obystroy.com
Как снять комнату в коммунальной квартире здесь
Дренажная система водоотвода вокруг фундамента - stroidom-shop.ru
АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАНДАРҒА АРНАУ – Semeyainasy
Домой / Новости / Город / АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАНДАРҒА АРНАУ

АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАНДАРҒА АРНАУ

data-ad-slot="1867841055">

80_main

Семей. 11.12. “Semeyainasy” – Елімізде медициналық қызмет тегін. Алайда тегін ірімшік тек қақпанда болады демекші, ақысыз медициналық көмектің шырғалаңы көп болып тұр. Өзгелерді қайдам, әйтеуір өз басым осы уақытқа дейін тіркелген емханамнан жарытып ем ала алмадым. Ем алғаны былай тұрсын, ақ халатты абзал жандардың алдына жетудің өзі күш.

Тұрақты мекен-жайым бойынша, №1 қалалық емханаға тіркелгенмін. (Оның алдында мейірбикелер тұрақты жұмысыңыз жоқ тіркемеді). Медициналық картамның өзі сол кезде біраз қиындықпен ашылды. Бірде дәрігер еңбек демалысында, бірде мейірбикелер жұмыс орнынан табылмады. Хош, мұның бәрін кездейсоқтық деп айтуға да болар.

Кезек арқылы дәрігердің қабылдауына кіру мүмкін еместігін түсінген соң, учаскелік терапевт дәрігерге күні бұрын жазылып қойдым. Оның алдында талай рет тауым шағылып қайтқаны есімде. Дегенмен бұл жолы да жолым болмады. Жазылған уақытымда дәрігер басқа науқасты қабылдап отыр екен. Мейірбикелер «күт» деп бұйырған соң, тағы біраз тосуға тура келді. Алайда, әр минуты санаулы басқа науқастар мені күтіп отыра ма? Менен кейін жазылғандар да алдымды орап кете барды. Арасында мейірбикелердің «пәленбаевтің» тегін атап шақырып алатын әдеті тағы бар.

Сонымен белгіленген уақытымнан кешігіп дәрігердің қабылдауына кірдім. Енді медициналық картам жоқ болып шықты. Мейірбикелер емделушінің құжатын алдын-ала тауып, әкеліп қоюы тиіс еді. Картамның жоғалып кеткені кімнің кінәсі екенін білмедім, бірақ сол күні тегін медициналық ем алудың қиындығына тағы көз жеткіздім. Терапевттен көз дәрігеріне жолдама ала қояйын деген үмітім ақталмады. Карта ашу үшін де бірнеше кабинеттің есігін тоздыруға тура келеді. Үйде бос отырған адам болмаса, оның бәріне уақыт қайда? Амал жоқ, тағы да ақылы медициналық қызметтің көмегіне жүгінуге тура келді. Оның үстіне аталған ауруханада офтольмолог та тапшы болып шықты. Консультациялық кеңес алу үшін дәрігердің қабылдануына ай бұрын жазылу керек екен.

Мұндай жағдайлардың бір емес, бірнеше рет қайталануы қолыма еріксіз қалам алдырып отыр. Студенттік жылдары да №5 емхананың талай  әуре-сарсаңын көрген едік. Мен дәрігерлердің кәсіби қызметіне сын айтудан аулақпын. Тек олардың алдына жетудің біз үшін машақат екенін жеткізгім келеді. Ақ халатты абзал жандар мен мейірбикелер ем алушыларға дұрыс бағдар көрсетіп, өздерінің де, науқастардың да уақытын бағалауды үйренсе екен. Әркім өз қызметіне жауапкершілікпен қарап, қызметтік этиканы сақтай білсе, кім біледі алдағы уақытта дамыған 30 елдің қатарына қосылып қалармыз?!

 

Ж.Саматова

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

В каких городах Казахстана самый загрязненный воздух

Читали: 79 data-ad-slot="1867841055"> Семей. 15.06. “Semeyainasy” – Министр экологии, геологии и природных ресурсов РК Магзум …

Добавить комментарий

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ