Калькулятор расчета монолитного плитного фундамента тут obystroy.com
Как снять комнату в коммунальной квартире здесь
Дренажная система водоотвода вокруг фундамента - stroidom-shop.ru
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында өрт қауіпсіздігін сақтау – Semeyainasy
Домой / Новости / Город / Жаңа жыл мерекесі қарсаңында өрт қауіпсіздігін сақтау

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында өрт қауіпсіздігін сақтау

data-ad-slot="1867841055">

IMG-20171222-WA0014

Семей. 22.12. «Semeyainasy» – Жаңа жылды көңілге кірбің түсірмей жақсылап өткізу үшін жаңа жылдық іс-шараларды өткізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережесін сақтау өте маңызды. Бүгін шаһарымызда қыс алдындағы және жаңа жыл мерекесі қарсаңында жүргізіліп жатқан дайындық жөнінде есеп беру мақастында  Cемей мемлекеттік өртке қарсы бақылау бөлімінің басшысы Ернар Жалелов пен Семей қаласы ТЖБ азаматтық қорғаныс бөлімінің бастығы Қымбат Көпбаев журналистермен баспасөз мәслихатын өткізді.

Кездесу барысында өрттің алдын алу шаралары мен қауіпсіздік ережелерін сақтау, балалардың жарылғыш отшашуларды қолдану барысында ата-аналарының назарында болуы, кәмелет жасқа томаған жас жеткіншектерге құрамында жарылғыш заттар бар салюттарды сатуға тыйым салынғаны және заңды бұзғандар жауапкершілікке тартылып, үлкен айыппұл соммасын төлеуге міндеттелетіні  туралы айтылды.

Барлығымызға белгілі жаңа жыл жақындаған сайын сертификатталмаған фейрверктер мен түрлі-түсті   электр лампалары аялдамалар мен көшелерде заңсыз сатыла береді. Осы олқылықтарды алдын алу мақсатында рейдтер жүргізіліп, қадағалау күшейетілді.

Өрт қауіпсіздігі ережесіне сәйкес, сауда кәсіпорындарында пиротехникалық бұйымдарды сатуға тыйым салынады, ол тек арнайы сауда орындарында сатылуы тиіс. Кез келген жерде пиротехникалық заттардың сатылуы заңға қайшы әрекет екендігін естен шығармағанымыз абзал.

Prodazha-pirotehniki-vyigodna-vsegda

Өрттің тілсіз жау екені белгілі. Қай кезде тұтанып, қай жерден бастау алатыны да белгісіз. Сондықтан мейілінше сақ болып, қала тұрғындарына абайлап жүруді және өрт бола қалған жағдай 112, 101 нөмірлеріне тез арада хабарласуларын сұрайды Семей қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері.

Семей қаласы бойынша өрт оқиғалары өткен жылмен салыстырғанда артқан. Мәселен, 2016 жылы 406 өрт оқиғасы тіркеліп, 10 адам қаза тапса, биыл бұл көрсеткіш 500-ге жетіп, өрт салдарынан 5 адам ажал құшқан. Материалдық залал осы жылы шамамен 2 млн теңге болса, 2016 жылы 4548000 теңгені құраған.

 

 

Ғанибек Түсіпбек

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

В каких городах Казахстана самый загрязненный воздух

Читали: 1 645 data-ad-slot="1867841055"> Семей. 15.06. “Semeyainasy” – Министр экологии, геологии и природных ресурсов РК Магзум …

Добавить комментарий

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ