Калькулятор расчета монолитного плитного фундамента тут obystroy.com
Как снять комнату в коммунальной квартире здесь
Дренажная система водоотвода вокруг фундамента - stroidom-shop.ru
Журналистермен баспасөз мәслихаты өтті – Semeyainasy
Домой / Новости / Город / Журналистермен баспасөз мәслихаты өтті

Журналистермен баспасөз мәслихаты өтті

data-ad-slot="1867841055">

IMG-20171103-WA0021

Семей.03.11. “Semeyainasy” – Бүгін шаһарымыздағы достық үйінде Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тікелей бастамасымен «Тіл мәртебесі- ел мәртебесі» тақырыбында БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Басқосу барысында қаламыздағы тілдерді оқыту орталығы ҚР тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарлама аясында атқарылған жұмыстарына тоқталып,алға қойған жоспарларымен бөлісті.

Биылғы жылы тілдерді оқыту орталығы мемлекеттік тіл үйренушілерге арналған көптеген іс-шаралар мен сайыстар өткізген. Мәселен, «Болашаққа қазақ тілімен» акциясына мемлекеттiк қызметкерлер мен уәкiлеттi адамдарға лауазымды адамдар қатысқан. Семей қаласының тілдерді оқыту орталығының директоры Олжас Соғымбайдың айтуынша қазіргі таңда көптеген мемелекеттік лауазымы бар адамдар ел алдында баяндамаларын орысша оқиды, мұның себебі ана тілімізді жетік меңгермеген деді. Осыған орай мемлекеттік тілді дамытуға аса қатты көңіл бөлуіміз керек деп өз ойын білдірді.
Статистикалық мәліметтерге көз жүгіртсек 2013-2017 жылдар аралығында осы орталықта барлығы 7727 тұлға мемлекеттік және өзге тілдерді меңгеру курстарын оқыған. Бүгінгі таңда тілдерді оқыту орталығында 12-ге жуық өз ісінің нағыз майталмандары жұмыс жасауда.

Айта кетерлігі кез келген азамат бұл орталыққа келіп ағылшын, орыс, татар, неміс, еврей тіпті мемлекеттік тілді үйрену курстарына ешқандай қаражат төлемей-ақтегін жазыла алады.

Ғанибек Түсіпбек

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

В каких городах Казахстана самый загрязненный воздух

Читали: 237 data-ad-slot="1867841055"> Семей. 15.06. “Semeyainasy” – Министр экологии, геологии и природных ресурсов РК Магзум …

Добавить комментарий

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ