Семей.-9.12. “Semeyainasy” – Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің студенттер қауымы өкілдері 4 желтоқсан күні ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасының директоры Әмірхан Мұратпекұлы Рахымжановпен онлайн – кездесуге қатысты.
Кездесу Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент Күніне және Еліміздің Тәуелсіздігіне орайластырып өткізілді.
Бас қосудағы мақсат – жаңа Қазақстандық даму жолында Елбасының жаһандық-стратегиялық идеяларын, тәуелсіздігімізді қалыптастырудағы және баянды етудегі рөлін зерделеу. Кездесудің модераторы, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің ректоры, саяси ғылымдар докторы, профессор Құрманбаева Шырын Асылханқызы – жастарымызды елжандылық рухта тәрбиелеуде жеке тұлғаның табысқа жетуінің үлгісі ретінде Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолының өнегесі, сөзсіз, орасан зор деп ойлайтының атап өтті.
Кездесу барысында Елбасы Кітапханасының директоры студенттерге кітапхананың негізгі қорын құрайтын Елбасының кітаптары мен оның елімізде және шетелде басылған авторлық еңбектері жайлы, сондай-ақ, нысанның тарихы туралы лекция оқыды.
Онлайн-кездесуде студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Сонымен қатар, білім алушылар Елбасы Кітапханасының Музейі бойынша онлайн экскурсияға қатысты. Мұнда Қазақстанның Тұңғыш Президентінің жеке коллекциясындағы бірегей заттар мен тәуелсіз мемлекет болуының алғашқы күндерінен қазіргі уақытқа дейінгі қалыптасуы туралы баяндайтын экспонаттар ұсынылған.
Кездесу соңында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасы мен Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетімен өзара ынтымақтастық туралы меморандум шарттарын қарастыруға келісті.
КазГЮИУ ақпарат