Калькулятор расчета монолитного плитного фундамента тут obystroy.com
Как снять комнату в коммунальной квартире здесь
Дренажная система водоотвода вокруг фундамента - stroidom-shop.ru
Көп балалы аналар мараппаталды – Semeyainasy
Домой / Новости / Город / Көп балалы аналар мараппаталды

Көп балалы аналар мараппаталды

data-ad-slot="1867841055">

DSC_0254

Семей. 22.11. «Semeyainasy» – Семей қаласында 11 көп балалы ана «Алтын алқа» және «Күміс алқа» медалдарымен мараппаталды. «Алтын алқа» медалінің иегері атану үшін Заң бойынша ананың жетінші баласы бiр жасқа толуы және басқа балалары тiрi болуы шарт. Ал алты бала дүниеге əкеліп, тәрбиелеп өсiрген аналар алтыншы баласы бiр жасқа жеткенке және басқа балалары тiрi болған ретте «Күміс алқамен» мараппаталады. «Алтын алқа» және «Күміс алқа» медальдарын қала әкімінің аппарат басшысы Зәуреш Исабаева табыстады.

– Құрметті аналар, сіздерді осы қуаныштарыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Көп балалы ана болу – үлкен бақыт əрі батылдық.Балаларыңыз сіздерді әрдайым қуанта берсін. Еліміздің үлгілі азаматтары болсын,- деді З. Исабаева.

11 ананың ішінен тек бір ана алтын алқа иегері атанды. Ол 7 перзенттің анасы – Назым Дуанбаева. 37 жасар Назымның 4 қызы, 3 ұлы бар екен. Тұңғышы 16 жаста болса, кенже баласы жақында ғана 2 жасқа толыпты.

Марапаттардың  талаптары əртүрлі болғанымен, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлеріне берілетін сыйақы мөлшері бірдей. Яғни, ай сайын аналарға 14 522 теңге көлемінде жəрдем беріледі.  Ал көп балалы аналарға арналған арнайы жəрдемақы 9440 теңгені құрайды. Сондай-ақ 8 наурызда көп балалы аналар жергілікті бюджеттен 13 521 теңге көлемінде қаржылай көмек алатын болады.

Бұдан басқа, келер жылдың 1 қаңтарынан бастап күнкөріс деңгейі төмен отбасылар мен  азаматтарға 14 мың көлемінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындалалы.

2017 жылы Семей қаласы үшін атаулы әлеуметтік көмекке 22,4 млн. теңге бөлінді.

Асель Қайырбекова

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

В каких городах Казахстана самый загрязненный воздух

Читали: 1 872 data-ad-slot="1867841055"> Семей. 15.06. “Semeyainasy” – Министр экологии, геологии и природных ресурсов РК Магзум …

Добавить комментарий

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ