Домой / Новости / Город / МУЗЕЙ ТҮНІ МЕРЕЙЛІ ӨТТІ

МУЗЕЙ ТҮНІ МЕРЕЙЛІ ӨТТІ

data-ad-slot="1867841055">

Семей. 21.12.”Semeyainasy” – Абайдың «Жидебай-Бөрлі» мемлекеттік қорық музейінде республикалық «Музейлер шеруі» акциясы аясында «Жаздым үлгі жастарға бермек үшін» атты «Музей түні» өтті.


80 жылдық тарихы бар Абай музейінде ұйымдастырылған айтулы шарада қазақ елінің дәстүрін жаңғыртып, жас болсада бас болып жүрген тұлғаларымыз, жұртшылықпен ашық сұхбат өткізіп музей директорының арнайы марапатына ие болды.
Музей түні әртүрлі бағыттағы шаралармен ерекшеленді. «Сурет боп құйылған әлем» атты жас суретшілер туындыларының көрмесі, сонымен қатар ережесіз жекпе-жектен әлем чемпионы Т. Жұматаевамен, Халықаралық және республикалық байқаулардың жүлдегері жас ақын Б.Игілікпен кездесу ұйымдастырылып, музыкалық конкурстардың лауреаты жас композитор М.Жақсылықовтың шығармашылығымен жұртшылықты таныстырды.


Сонымен қатар қазақ халқының ұлттық ойыны тоғызқұмалақ және асық атудан шеберлік сабақтары және турнирлер, кинофилым көрсетілімі мен танымдық ойындар, ұлттық сусын қымыз және саумалдан балмұздақ сатылымы ұйымдастырылды.
Ғалбият Нұрзат

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

В каких городах Казахстана самый загрязненный воздух

Читали: 14 168 data-ad-slot="1867841055"> Семей. 15.06. “Semeyainasy” – Министр экологии, геологии и природных ресурсов РК Магзум …

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ