Домой / Новости / Город / «Мұрат» тұрғындары қоқысты бөлек жинау үшін контейнерлер орнатуды сұрайды

«Мұрат» тұрғындары қоқысты бөлек жинау үшін контейнерлер орнатуды сұрайды

data-ad-slot="1867841055">


Семей.25.03.”Semeyainasy” -Мұрат массиві саяжайларының «Семей Мұрат Доверие» қоғамдық бірлестігі қала басшылығының қоқысты бөлек жинау үшін контейнерлер сатып алу жөніндегі экологиялық бастамасын қолдады.
«Біз, массивтің тұрғындары, қаламыз үшін қалдықтарды бөлек жинауға және қайта өңдеуге арналған жаңа қоқыс тасығыштар мен контейнерлерді сатып алу туралы жаңалықты қуана қабылдадық. Бұл аймақтағы экологияны жақсарту үшін үлкен қадам! Бұл қаланы ғана емес, сонымен бірге саяжайларды да тазартуға көмектеседі деп үміттенеміз!», – дейді Мұрат тұрғындары.

Айтпақшы, саяжайларда қоқыс шығару мәселесі жылдар бойы тұр. Қоқыс шығарушы компаниялар тұрғындармен келісім жасасуға асығар емес. Мұның себептері: кейбір тұрғындардың келісім-шарт жасасуға және қоқыстарын шығару үшін ақы төлеуге дайын еместігі, қоқыс шығаратын компания ұсынған қызметі үшін тұрғындардан тікелей қаражат жинаудың қиындығы.

Сондай-ақ, тар көшелерге байланысты әр үйдің жанында жеке контейнерлер орнату проблемасы бар, өйткені жалпы мұндағы жазғы үйлер тұрақты тұруға арналамаған. Осыған байланысты жазғы тұрғындардың массивтің қажеттіліктеріне ай сайынғы жарналарының көп бөлігі стихиялық полигондарды жоюға және қоқыс шығару үшін техниканы жалдауға жұмсалады.

«Саяжайларда компостқа тағамдық және органикалық қалдықтарды пайдалы қолдану мүмкіндігі бар. Бірақ жазғы үйлерде пластикалық бөтелкелер мен полиэтилен пакеттерін, қағаз, консервілер және шыны ыдыстарды тастау үлкен проблема! Қала басшылығына саяжайлардың экологиялық проблемаларын шешуге көмек көрсетуге және автобус аялдамаларына жақын трассалар бойында қалдықтарды бөлек жинауға арналған контейнерлерді орнату бойынша пилоттық жобаны іске асыруды сұраймыз», – дейді «Мұрат» тұрғындары.

Өз кезегінде жергілікті бау-бақша бірлестігі көмек жазғы тұрғындарды ақпараттандыруға, жаңа контейнерлердің сақталуына және олардың толтырылуына мұқият қарап, кейіннен қоқыс шығаратын компанияға хабарлауға дайын.

“Semeyainasy”

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

В каких городах Казахстана самый загрязненный воздух

Читали: 14 168 data-ad-slot="1867841055"> Семей. 15.06. “Semeyainasy” – Министр экологии, геологии и природных ресурсов РК Магзум …

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ