Домой / Новости / Город / ОРМАНШЫЛАР АРАСЫНДАҒЫ ТЕҢБІЛ ДОП БӘСЕКЕСІ

ОРМАНШЫЛАР АРАСЫНДАҒЫ ТЕҢБІЛ ДОП БӘСЕКЕСІ

data-ad-slot="1867841055">

9
Семей.15.07. “Semeyainasy” – «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты филиалдарының қызметкерлері арасында елордамыз Нұр-Сұлтан қаласының туған күніне орай шағын футболдан жарыс өтті. Семей қаласының Аквапарк ауданындағы арнаулы алаңда өткен теңбіл доп сайысында барлығы он команда бақ сынады.

Иә, бүгінде спортқа деген халықтың көзқарасы жылдан-жылға еселеп артып келеді. Бұл ең алдымен бұқаралық спорттың халық арасында кеңінен насихатталуының көрінісі. Мұны шағын футбол бәсекесіне үлкен құлшыныспен келген орманшылар белсенділігінен де байқауға болады.
Шараның ашылуына «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының Бас директоры Қайрат Хасенов қатысып, табиғатты қорғауға, орман шаруашылығын дамытуға елеулі үлес қосып келе жатқан ұжым еңбеккерлеріне спорттық шараға атсалысқандары үшін ризашылығын білдірді.
– Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1997 жылы ел астанасын Сарыарқаның төріне, Еуразияның кіндігіне көшіруге шешім қабылдаған болатын. Ол шешім өз нәтижесін беріп, бүгінде әлемге танылған астанамыз ел мақтанышына айналып отыр. Бүгін міне, «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының командалары еліміздің астанасы Нұр-Сұлтан қаласының туған күніне орай жасыл алаңда бақ сынасқалы отырсыздар. Сіздерді елорда күнімен құттықтаймын! Жерімізде тыныштық, елімізде береке шалқып, көк байрағымыз бейбіт аспанда желбірей берсін!- дей келіп, қатысушы командаларға сәттілік тіледі.
Сегіз сағатқа созылған турнирде Беген, Бөкебай, Бородулиха, Долон, Морозов, Жаңасемей, Семей, Тау-дала, Канонер, Новошульба филиалдары мен резерват басқармасының командалары бәсекеге түсті. Күннің ыстығына да қарамастан жасыл алаңда бар жан-тәнімен беріле ойнаған футболшылар жанкүйерлерін риза етті.
Ең алғашқы болып алаңға шыққан Долон мен Жаңасемей филиалдарының командалары арасындағы ойында есеп ашылған жоқ. Бөкебай және Новошульба командалары арасындағы ойында бөкебайлықтар 2:1 есебімен жеңіске жетті. Канонер мен Семей филиалдары тең түсті. Есеп 2:2. Беген мен Бородулиха орманшылары арасындағы бәсеке 2:0 есебімен аяқталды. Резерват басқармасының командасымен ойнаған морозовтықтар қақпаға доп соға алмады. Есеп 1:0. Турнирде долондықтар тау-далалықтардан 3:0 есебімен, бородулихалықтардан 6:1 есебімен басым түсті. Жаңасемей филиалының командасы тау-далалықтарды 6:0 есебімен ойсырата ұтты.
Ақтық ойында Семей, Беген, Долон және басқарма командалары бақ сынасты. Жан алысып, жан беріскен тартысты ойында бардық командалардың ойыншылары өздерінің мүмкіндігін жібермеуге, мүлт кетпеуге тырысып бақты. Олардың жанкүйерлері де қиқуға қиқу қосып, әріптестерінің шабытын еселей түскендей болды.
Аяқдоп аламанының нәтижесінде І орынды Семей филиалының командасы жеңіп алды. Жүлделі ІІ орынды Беген филиалы иеленсе, ІІІ орынды Долон филиалы, ал ІV орынды резерват басқармасының командасы еншіледі.
Жеңімпаз командалар «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты атынан дайындалған кубок, медальдармен және дипломдармен марапатталды. Сонымен қатар, Нұржан Бекенов «Турнирдің үздік ойыншысы», атанса, Нұрлан Сәдуақасов – «Үздік қорғаушы», Кәусар Рамазанов – «Үздік қақпашы», ал турнир барысында қарсыластар қақпасына 5 гол салған Рүстем Сүлеев «Үздік шабуылшы» атанып, арнайы марапатқа ие болды. Жеңістің биік тұғырынан көрінген әріптестерімізді шын жүректен құттықтап: «Тұғырларыңыздан таймаңыздар!» дейміз.
Пы.Сы: Жалпы, ер азаматтар ішінде осынау спорт түріне қызықпайтын жан кемде-кем шығар деп ойлаймын. Бірақ,біздің аяқдоп алға баспай келеді.
Негізі, өзге мемлекеттерде де, біздің елімізде де осы спорт түріне көп көңіл бөлініп, оны дамыту жолдары қолға алынып жатыр. Алайда, қазақ футболының бойына қан жүгірмей-ақ қойды. Неге? Біздіңше, балалардың бұл ойынға деген қызығушылығын ерте бастан ояту керек. Осы орайда «Сонда олар қай жерде ойнап жаттығады?» деген сұрақ көлденеңдейді. Рас-ау…
Аяқдоп өнерін өркендету үшін алаңдар орнатылып жатыр. Алайда, мәселе тек мұнымен шешілмейді ғой. Басқа қалаларды қайдам, біздің Семейдегі футбол алаңдары біреулердің жекеменшігі. Жекеменшік болғасын – ақылы. Күнде-күнде баланың футбол ойнауы үшін ата-анасының ақша бере алмайтыны анық. Журналист Амангелді Сейітханов: «Өзбектер Ташкент төрінде жүздеген жасанды алаң жасап тастапты. Жас жеткіншектер тегін тебеді допты. Содан кейін де Санжар Тұрсынов “Волгада”, Әділ Ахметов “Анжиде” ойнайды»,- деп Өзбекстан футболының биік деңгейге көтерілгенін жеткізген екен. Айтпағымызды өзіңіз де болжап отырған боларсыз, алаңдар ақылы болмау керек. Қазақ командасында қазақтың намысты ұлдары ойнағанда ғана біздің футбол өрге баспақ.

Күлия МАҚАНҚЫЗЫ

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

В каких городах Казахстана самый загрязненный воздух

Читали: 12 113 data-ad-slot="1867841055"> Семей. 15.06. “Semeyainasy” – Министр экологии, геологии и природных ресурсов РК Магзум …

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ