Калькулятор расчета монолитного плитного фундамента тут obystroy.com
Как снять комнату в коммунальной квартире здесь
Дренажная система водоотвода вокруг фундамента - stroidom-shop.ru
Семейде ажырасқандар саны артып барады – Semeyainasy
Домой / Новости / Город / Семейде ажырасқандар саны артып барады

Семейде ажырасқандар саны артып барады

data-ad-slot="1867841055">

DSCN0528

Семей. 23.10. «Semeyainasy» — Семей өңірінде жыл сайын шамамен 1 500 отбасы ажырасады, оның жартысынан көбі шаңырақ көтергендеріне үш жыл да толмаған жас жанұялар. Мәселен, 2016 жылы 1353 жұп неке бұзуға өтініш білдірсе, соңғы 9 айда 1076 отбасы ажырасып үлгерген. Бұл туралы қалалық әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің жетекшісі Ерлан Әубәкіров мәлім етті.

Ажырасу істерінің басым көпшілігі сот шешімімен рәсімделеді. Бұл ретте Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің мамандары ажырасуға бел буған жұптармен жұмыс жасауға еш мүмкіндіктері қалмайды. Қазіргі таңда жастар отбасы институтына немқұрайлы қарайды. Бүгін үйленсе, ертеңінде ажырасып тынады. Ажырасу ұғымы қалыпты жағдайға айналып кеткені қынжылтады. Бұл қоғам үшін нағыз трагедия,-деді отбасы мәселесіне алаңдаушылық білдірген Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің жетекшісі Ерлан Әубәкіров.

Иә, айрандай ұйыған шаңырақтың шайқалуы кім кімді болмасын алаңдатпай қоймасы анық. Шырқы бұзылған жанұялардың көбеюін мамандар көбінесе әлеуметтік-экономикалық жағдаймен байланыстырады. «Үйлену – оңай, үй болу – қиын» деген қазақ нақылын бүгінгі жастар аузынан жиі естісек те, даналар сөзінің байыбына бара бермейді. Отау құрған екі жас өмірде кездескен түрлі қиыншылықтар мен тұрмыс ауыртпашылықтармен бірге күресудің орнына ажырасуды ең тиімді шешім деп санайды. Бұл ащы болса да, шындық. Некенің бұзылуына жастардың мінез-құлқы, перзент сүйе алмау, ата-ененің араға түсуі, отбасы алдындағы жауапкершілікті сезінбеу сынды себептер де әсер ететіні жасырын емес. Ал мұндай жағдайда екі жас қана емес, арадағы бала да зардап шегетіні айтпаса да түсінікті.

Отбасы институты статусын көтеру, жастарға отбасы құндылықтарын, салт-дәстүрді, ерлі-зайыптылардың бір-бірінің, бала алдындағы жауапкершіліктерін ұғындырудың жай-жапсары сөз болған кеңес отырысында жас жұбайлармен жұмыс жөніндегі арнайы бірыңғай жоспар құру керек деген ұсыныс ортаға салынды.

Аталмыш жоба Азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне некеге тұру туралы өтініш білдірген жас отбасыларға бағытталуы керек. Мәселен, шаңырақ көтермес бұрын болашақ отбасы иелері толыққанды медициналық тексеруден өтуі қажет. Сонымен бірге ерлі-зайыптылардың мінездерінің бір-біріне сәйкес келуін тексеретін арнайы психологиялық тестілеуден өткізу шарт. Бұл өте маңызды аспектілердің бірі болмақ. Жас жұбайларға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру мақсатында міндетті түрде заңгердің кеңесіне жүгініп, екеуара отбасылық келісішарт жасасқан абзал,-дейді ШҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының Семей өңірі бойынша орынбасары Гүлнәр Шәріпова.

Мәжілісті қорытынды сөзімен түйіндеген әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрайымы Жанна Жыбраева ажырасудың негізгі себептерін анықтау мақсатында белгілі аналитикалық жұмыстар жүргізу қажеттілігін ерекше атап өтті.

Некенің бұзылу себептері анықталған жағдайда қоғамдық ұйымдармен, мемлекеттік органдармен қай бағытта жұмыс жасау керектігін ойластыру қажет. Сонда ғана іргесі берік, шаттыққа толы шаңырақ құрылады,-деді комиссия төрайымы Жанна Жыбраева.

Айзада Сламбаева

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

В каких городах Казахстана самый загрязненный воздух

Читали: 188 data-ad-slot="1867841055"> Семей. 15.06. “Semeyainasy” – Министр экологии, геологии и природных ресурсов РК Магзум …

Добавить комментарий

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ