Калькулятор расчета монолитного плитного фундамента тут obystroy.com
Как снять комнату в коммунальной квартире здесь
Дренажная система водоотвода вокруг фундамента - stroidom-shop.ru
Семейде «Жер – 2017» командалық-штабтық оқу-жаттығу өтті – Semeyainasy
Домой / Новости / Город / Семейде «Жер – 2017» командалық-штабтық оқу-жаттығу өтті

Семейде «Жер – 2017» командалық-штабтық оқу-жаттығу өтті

data-ad-slot="1867841055">

IMG_3626

Семей.12.10. “Semeyainasy” – Еліміздің барлық аймағында республикалық «Жер – 2017» командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды. Шараға Семей қаласының азаматтық қорғаныс әскери күштері, сондай-ақ медицина, авариялық-құтқару, өртке қарсы қызмет, энергетиктердің авариялық-техникалық командасы және сумен қамту мекемелерінің мамандары қатысты. Осы мақсатта бүгін жедел түрде екі автоколонна құрылып, арнайы техникамен жарақтандырылған жылжымалы басқару пункттері орнатылды. Оқу-жаттығудың мақсаты – табиғи апаттар мен төтенше жағдайлардан жапа шеккен тұрғындарға жедел жәрдем ету.

«Жер – 2017» іс-шарасы «Жамбыл облысында тосыннан орын алуы мүмкін апатты жайлардың салдарын жою» деп аталады. Командалық оқу-жаттығу барысында жедел әрекет ету, табиғи апаттан зардап шеккен тұрғындарға шұғыл көмек көрсету, биік нысандарда қалып қойған жаралы жандарды жеткізу әрекеттері орындалды. Айта кетейік, мұндай оқу-жаттығулар елімізде жыл сайын өткізіліп келеді.

– Аз уақыт ішінде азаматтық қорғаныс күштері сапқа тұрды. 36-38 сағатта біз Тараз қаласына ат басын тіреп, жергілікті қызметтермен, команда беру штабымен байланысқа шығуымыз керек. Әрқайсымызға жүктелген міндеттерді орындау жолында жер сілкінісі салдарынан болған жағдайларды жоюға атсалысамыз. Бұл жай ғана оқу-жаттығу болғанымен, қойылатын талаптар қатаң. Оқу-жаттығу жұмыстары арқылы өзімізге тәжірибе жинасақ, екінші жағынан қолда бар материалдық-техникалық базаның мүмкіндіктерін тексереміз. Жыл сайын Семей қаласы аталмыш оқу-жаттығу кезінде тек жақсы қырынан танылып келеді. Биыл да біздің құтқарушылар жоғарғы кәсіби біліктілігі мен жеделдігін көрсететініне сенім мол, – дейді Семей қаласы Төтенше жағдайлар жөніндегі Басқарма басшысының орынбасары Бақытбек Байбуров.

Шараға Семей қаласы әкімінің орынбасары Николай Ушаков та қатысып, барлық қызмет түрлерінің төтенше жағдайларға дайын екенін атап өтті.

Айзада Сламбаева

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

В каких городах Казахстана самый загрязненный воздух

Читали: 188 data-ad-slot="1867841055"> Семей. 15.06. “Semeyainasy” – Министр экологии, геологии и природных ресурсов РК Магзум …

Добавить комментарий

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ