Калькулятор расчета монолитного плитного фундамента тут obystroy.com
Как снять комнату в коммунальной квартире здесь
Дренажная система водоотвода вокруг фундамента - stroidom-shop.ru
Семейде жылу маусымы басталды – Semeyainasy
Домой / Новости / Город / Семейде жылу маусымы басталды

Семейде жылу маусымы басталды

data-ad-slot="1867841055">

20170926_105149

Семей.26.09. “Semeyainasy” – Аймақ басшысы Даниал Ахметовтің нұсқауымен облыстағы әлеуметтік маңызы бар нысандарға күннің күрт суытуына байланысты жылу беріле бастады. Ал көпқабатты тұрғын үйлер кестеге сәйкес жүргізіліп жатқан қажетті дайындық жұмыстары аяқталғаннан кейін, яғни қазанның алғашқы күндерінде-ақ жылу жүйесімен қамтылатын болады. Бұл туралы қала әкімдігінде ШҚО табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Департаментінің басшысы Қайрат Оразбаев пен қала әкімінің орынбасары Николай Ушаковтың қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды.

– Бүгін, яғни 26 қыркүйек күні Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов жылу беру маусымының басталғаны туралы қаулы шығарды. Әуелі жылуға қаладағы ауруханалар, балалар бақшасы, білім беру мекемелері сынды барлық әлеуметтік нысандар қосылады. Көпқабатты тұрғын үйлерге келер болсақ, жылу дайындық паспорты бар баспаналарға берілмек. Бүгінде «Жылукоммунэнерго» МКМ жылумен қамтып отырған 1069 көппәтерлі үйдің 900-нде дайындық паспорты бар. Қалған үйлер жылу маусымына дайындық шараларын тамамадап қалды,-деп атап өтті қала әкімінің орынбасары Николай Ушаков.

Айта кетейік, жылу беру компанияларын жөндеуден өткізу мақсатында облыстық қазынадан 162 млн.теңге көлемінде қаржы бөлінген. Бүгінгі күні «Ғаббасов», «35 квартал», «Зооветинститут» қазандықтары жаңартылды. Қажетті көмір де қалаға жеткізілуде. Бүгінде 50 мың тонна көмір түсірілді.

Айзада Сламбаева

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

В каких городах Казахстана самый загрязненный воздух

Читали: 78 data-ad-slot="1867841055"> Семей. 15.06. “Semeyainasy” – Министр экологии, геологии и природных ресурсов РК Магзум …

Добавить комментарий

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ