Калькулятор расчета монолитного плитного фундамента тут obystroy.com
Как снять комнату в коммунальной квартире здесь
Дренажная система водоотвода вокруг фундамента - stroidom-shop.ru
Семейде «Agrosemey – 2017» халықаралық инновациялық көрмесі өтеді – Semeyainasy
Домой / Новости / Город / Семейде «Agrosemey – 2017» халықаралық инновациялық көрмесі өтеді

Семейде «Agrosemey – 2017» халықаралық инновациялық көрмесі өтеді

data-ad-slot="1867841055">

tn_224150_72a7b187e67d2

Семей.11.10. “Semeyainasy” – Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде 13-14 қазан күндері «AGROSEMEY – 2017» атты ауыл шаруашылығын тауарын өндірушілердің екінші халықаралық инновациялық көрмесі өтеді.

Көрме мақсаты – мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы және ветеринария мен зоотехника салаларындағы отандық технологияларды насихаттап, ғалымдардың өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау.

Көрмеге асыл тұқымды мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы дақылдарын өндіру технологиясы салаларындағы ғалымдардың жетістіктері қойылмақ. Мамандар көрме барысында ара шаруашылығы мен мал шаруашылығы салаларында кең таралған аурулардың мониторингін шығарып, қолдан ұрықтандыру мәселесіне және жұқпалы аурулардың таралу қартасын құруға қатысты ойларын ортаға салады деп күтілуде.

Франция, Қытай, Болгария, Польша, Моңғолия, Ресей, Белоруссия және Украина елдерінің ғалымдары жиын барысында ветеринария, мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, ауылшаруашылық өнімдері мен тамақ өнімдерін өндіру технологиясы салаларындағы тәжірибелерімен бөлісіп, шеберлік сыныптарын өткізеді деп жоспарланып отыр.

Айзада Сламбаева

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

В каких городах Казахстана самый загрязненный воздух

Читали: 1 645 data-ad-slot="1867841055"> Семей. 15.06. “Semeyainasy” – Министр экологии, геологии и природных ресурсов РК Магзум …

Добавить комментарий

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ