Калькулятор расчета монолитного плитного фундамента тут obystroy.com
Как снять комнату в коммунальной квартире здесь
Дренажная система водоотвода вокруг фундамента - stroidom-shop.ru
Семейлік Дана Тайланд елін таңқалдырды – Semeyainasy
Домой / Новости / Город / Семейлік Дана Тайланд елін таңқалдырды

Семейлік Дана Тайланд елін таңқалдырды

data-ad-slot="1867841055">

IMG-20171005-WA0085

Семей.05.10. “Semeyainasy” – Есепті калькулятордан да жылдам шығарып, таңдай қақтыратын оқушылар арасында 1 қазан күні Тайланд мемлекетінің Бангкок қаласында ментальды арифметикадан өткен халықаралықолимпиадада Семейлік Дана Серікқазы бас жүлдені қанжығасына байлап, ел мерейін үстемдетті. Бұл жарыста әлемнің түпкір-түпкірінен 25 мемлекет пен 8 патшалықтан келген ең мықты жасөспірімдер бақ сынасқан. Айта кетерлігі, Қазақстанның атынан 50-ге жуық бала барса, оның ішінде 20 шақты бүлдіршін біздің қаламыздан болғаны шынымен де көңіл қуантарлық. Көп балалар жеңіспен оралды, алайда жалғыз бас жүлдені Дана қарындасымыз ғана иеленді деп ауыз толтырып айтуға толық негіз бар.
Бүгін Дана қызымызды қазіргі таңда білім алып жатқан №38 мектеп-лицейі мақтау қағазымен марапаттап, мектеп абыройын асқақтатқаны үшін шексіз алғыстарын білдірді.

Бүлдіршін қызымыздың алдағы жоспары келесі жылы Африка Республикасының Йоханнесбург қаласында өтетін әлемдік додаға қатысып, ол жерде де жеңіс тұғырынан көріну. Еңбекқор әрі талапты батыр қыздың бағы мен бабы қатар шауып, жүлделі орыннан көрінуіне шын жүректен тілектеспіз.

Ғанибек Түсіпбек

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

В каких городах Казахстана самый загрязненный воздух

Читали: 1 643 data-ad-slot="1867841055"> Семей. 15.06. “Semeyainasy” – Министр экологии, геологии и природных ресурсов РК Магзум …

Добавить комментарий

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ