Калькулятор расчета монолитного плитного фундамента тут obystroy.com
Как снять комнату в коммунальной квартире здесь
Дренажная система водоотвода вокруг фундамента - stroidom-shop.ru
Семейлік екі тұрғын өзге азаматтардың құжатымен несие рәсімдеген – Semeyainasy
Домой / Новости / Город / Семейлік екі тұрғын өзге азаматтардың құжатымен несие рәсімдеген

Семейлік екі тұрғын өзге азаматтардың құжатымен несие рәсімдеген

data-ad-slot="1867841055">

f58acf8c9c950ea6d370b1b343bad80e

Семей.24.10. “Semeyainasy” – Ағымдағы жылдың 9 айы ішінде Семей қаласының Ішкі істер басқармасына алаяқтық фактісі бойынша 356 өтініш келіп түскен. Барлық өтініштер қарастырылып, қазіргі уақытта тиісті шаралар атқарылуда.

Жалпы еліміздің барлық өңірінде алаяқтық фактісі бойынша тіркелген қылмыстар саны артып келеді. Алайда ішкі істер басқармасы қызметкерлерінің айтуына қарағанда, Семей өңірінде тіркелген алаяқтық фактілерінің саны былтырғы жылмен салыстырғанда 18 пайызға төмендеген.

Бірақ бүгінгі таңда қала тұрғындарының көбі киберқылмыс жасаушылардың құрбанына айналып отыр. Алаяқтардың бір тобы тұрғындарды телефон арқылы алдаса, енді бірі «OLX», «Колеса» сынды интернет желілерінде жалған сауда жасап, пайда табуда. Жарнамаға сеніп, қыруар қаражатты белгісіз адамның есепшот аударған тұрғындар осы орайда полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінуге мәжбүр. Статистикалық мәліметтерге көз жүгіртсек, өңірде телефон арқылы жасалған 12 алаяқтық оқиға тіркеліпті. Ал киви-кошелек төлем жүйесіне ақша аудару бойынша 64 қылмыстық фактісі тіркелген.

Телефон алаяқтары абоненттерді алдаудың жаңа тәсілін тез арада ойлап тауып, қолданылған SIM картаны лақтырып тастайтындықтан, көп жағдайда қылмыстың ізін ашу мүмкін бола бермейді. Мұндай адамдар әдетте өздеріне аса сеніміді, әрі адам психологиясын жақсы меңгерген. Олар кез келген адамға қоңырау шалып, жақын адамының қиын жағдайға тап болғаны жөнінде ескертіп, жедел түрде ақша аударуды сұрайды. Осылайша өз миссиясын орындап, күдік келтіретін барлық айғақтарды жоқ қылады. Егер сізге бөтен адам жақыныңыздың күрмеуі қиын мәселеге ұшырағанын айтып хабарласса, әуелі сол адамға қоңырау шалып, мәселенің анық-қанығына көз жеткізгеніңіз абзал.

Сонымен қатар семейлік екі азамат тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етеміз деп сендіріп, құжаттарының көшірмелерін өздеріне алып қалған. Осындай жолмен азаматтардың жеке қуәлігінің көшірмелерін пайдалана отырып, микронесие беретін компаниялардан 50 мың теңгеден жоғары соммада несие рәсімдеген. Нәтижесінде ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-ші тармағы бойынша 60 жәбірленушінің ісі қаралып, қылмыстық іс қозғалды.

Ғанибек Түсіпбек

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

В каких городах Казахстана самый загрязненный воздух

Читали: 69 data-ad-slot="1867841055"> Семей. 15.06. “Semeyainasy” – Министр экологии, геологии и природных ресурсов РК Магзум …

Добавить комментарий

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ