Калькулятор расчета монолитного плитного фундамента тут obystroy.com
Как снять комнату в коммунальной квартире здесь
Дренажная система водоотвода вокруг фундамента - stroidom-shop.ru
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «АГРОСЕМЕЙ – 2019» АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУШІЛЕРІНІҢ КӨРМЕСІ – Semeyainasy
Домой / Новости / ВКО / ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «АГРОСЕМЕЙ – 2019» АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУШІЛЕРІНІҢ КӨРМЕСІ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «АГРОСЕМЕЙ – 2019» АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУШІЛЕРІНІҢ КӨРМЕСІ

data-ad-slot="1867841055">

Семей. 25.09.2019. “Semeyainasy”. 2019 жылдың 27 қыркүйегінде Шугаев көшесі, 159 мекен – жайы бойынша орналасқан Шәкәрім Университеті Аграрлық факультетнде   Халықаралық «АГРОСЕМЕЙ – 2019» ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерінің көрмесі өтеді.

Көрмені Семей қаласы әкімдігінің және Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының қолдауымен Шәкәрім Университеті ұйымдастырады.

Биылғы жылы 4-ші рет өткізіліп отырған «АГРОСЕМЕЙ – 2019» көрмесіне Ресей, Чехия,  Болгария, Моңғолия, Қытай, Оңтүстік Корея және Үндістан сияқты  таяу және алыс шетелдерден ауыл шаруашылығы мамандары қатысады.

«АГРОСЕМЕЙ – 2019» көрмесі 5 бөлімнен тұрады:

  • ветеринария;
  • мал шаруашылығы;
  • өсімдік шаруашылығы;
  • кинология (иттердің көрмесі);
  • тағам жəне ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу технологиясы саласындағы отандық тауарөндірушілер тарапынан инновациялық технологиялар жетістіктерін көрсету .

Қазақтың ұлттық құндылықтары: Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қол өнер шеберлерінің көрмесі»; Ресей Федерациясы, Оңтүстік Корея, Болгария, ҚХР (Қытай) Моңғолия, Польша, Үндістан жəне Украина елдері өкілдерінің (профессорларының, қонақтардың) ұйымдастыруымен мастер-класс өткізіледі.

«Сиыр малын өсіру» бағыты бойынша семинар өткізіледі. Семинарда ҚО”Атамекен” жəне Мал шаруашылығы ҒЗО өкілдерінің «Тауарлы малды асылдандыру» және  «Азықтандыру жəне малды ұстауды ұйымдастыру» тақырыбы аясында өткізіледі деп жоспарланып отыр.

«ҚР АӨК қазіргі жағдайы, даму болашағы жəне жаңғырту» халықаралық конференциясының пленарлық отырысы өткізілмек. Яғни  көрмеге  келген ресми делегациялардың қатысуымен   Шәкәрім Университеті аграрлық факультетінің базасында дөңгелек үстел форматында өтеді. Қатысушылар саланың жаңалықтарымен, нарықтың үрдісімен танысады.

 «АГРОСЕМЕЙ – 2019» шеңберінде әртүрлі тұқымдастағы иттердің көрмесі өтеді. Шараға сарапшылар ретінде кинология саласындағы жетекші мамандар қатысады. Иттердің көрмесі кезінде жұмысшы иттердің жарылғыш заттарды іздеу бойынша, сонымен қатар дауыстап шақыру (жетілдірілген австриялық тәсілі) бойынша  иттердің жұмыс сапасы көрсетіледі. 

«АГРОСЕМЕЙ – 2019» агроөнеркәсіптік көрмесі агроөнеркәсіптік кешеннің нарықтық қатынасының  дамуына, біздің аймағымыздағы АӨК- нің халықаралық нарықтық жүйеде бірігуіне, облыс экономикасына ішкі және сыртқы инвестицияларды тартуға, экологиялық таза тағам өнімдерінің өндірісін қамтамасыз етуге септігін тигізеді.

От Levi

Посмотрите также...

В каких городах Казахстана самый загрязненный воздух

Читали: 1 646 data-ad-slot="1867841055"> Семей. 15.06. “Semeyainasy” – Министр экологии, геологии и природных ресурсов РК Магзум …

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ