Калькулятор расчета монолитного плитного фундамента тут obystroy.com
Как снять комнату в коммунальной квартире здесь
Дренажная система водоотвода вокруг фундамента - stroidom-shop.ru
Халық лық толы көрмелердің бірі «AGROSEMEY-2017» – Semeyainasy
Домой / Новости / Город / Халық лық толы көрмелердің бірі «AGROSEMEY-2017»

Халық лық толы көрмелердің бірі «AGROSEMEY-2017»

data-ad-slot="1867841055">

IMG-20171013-WA0030

Семей.13.10. “Semeyainasy” – Силикат кентінің маңында орналасқан Шәкәрім университеті Аграрлық факультет базасында Семей қалалық әкімдігінің және ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасының қолдауымен «Агро Семей- 2017» халықаралық көрме өтуде.
Агрокөрменің негізгі мақсаты – асыл тұқымды төрт түлік мал өсіретін қожалықтардың жетістіктерін насихаттау, бақша шаруашылығына қатысты заманауи технологияларды жалпақ жұртқа таныстыру, өзге мемлекеттердің ғалымдарымен тәжірибе алмасу болып табылады.
Дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіліп жатқан жәрмеңкеде 12-ге жуық қазақ үйлер тігіліп, шетелден және тағы да басқа аймақтардан келген меймандарды қазақи салт-дәстүрмен құрметтеп күтуде. Айта кетерлігі, көрме 4 қалашықты қамтыды, әрбір павильон өзіндік ерекшеліктерімен талайларды таңқалдырып, көптеген сертификатталған табиғи өнімдер мен жаңа технологиялар көпшіліктің қызығушылығын арттыра түскені сөзсіз.

IMG-20171013-WA0035

Барлық павильондардың ішінде әсіресе асыл тұқымды жануарлар көрме-жәрмеңкесінде адамның көптілігі соншалық, тіпті аяқ басып жүру мүмкін емес, барлығы сол жануарлармен суретке түсіп мәре-сәре болып жатқаны игі шараның ұйымдастырушылары талай тер төккені көрініп-ақ тұрды. Көрмеге өңіріміздегі барлық елді мекендердің мал шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтар өздерінің асыл тұқымды жылқы, сиыр, түйе, бөдене, қоян, қой-ешкілерін көрсетті.

IMG-20171013-WA0034

Сонымен қатар «Агроөнеркәсіптік» қалашығында көкеніс өсірумен, бал жинаумен және жеміс-жидекпен айналысатын шаруа қожалықтары да шараға жиналған қонақтарға экологиялық таза азық өнімдерін таныстырды.
Бұл көрменің пайдасы өз өнімдерін ұсынған шаруа қожалықтары мен кәсіпорындардың әлеуетін, халықаралық қызметтестікке лайық, бәсекеге қабілетті екендерін нық сеніммен ауыз толтырып айтатындай жоғары сапалылығын көрсету.

IMG-20171013-WA0025

Қала және облыс тұрғындарынан басқа көрмеге Ресей, Болгария, Белоруссия, Қырғызстан және ҚХР делегациялары қатысуда.
Шара аясында кәсіпкерлер бизнес-байланыстар орнатып, тауар жеткізу және қызмет көрсету туралы келісім шарттар жасай отырып, алдағы уақытта іскерлік байланыстарын кеңейте алады. Сондай-ақ облыстың экономикасына ішкі және сыртқы инвеститцияны тартуға, озық технологияларды жандандыруға үлкен септігін тигізеді.

Ғанибек Түсіпбек

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

В каких городах Казахстана самый загрязненный воздух

Читали: 69 data-ad-slot="1867841055"> Семей. 15.06. “Semeyainasy” – Министр экологии, геологии и природных ресурсов РК Магзум …

Добавить комментарий

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ