Домой / Новости / Город / Швейцария елшісі Семейге келді

Швейцария елшісі Семейге келді

data-ad-slot="1867841055">

DSCN0825

Семей. 16.11. «Semeyainasy» – Апта басында Балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық сарайына Швейцарияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті Елшісі Криста Фельдер Раймонд келіп, «Четвертая стена» жастар театры сахналаған  спектаклді тамашалады.

Қарашаның алғашқы аптасында Павлодар қаласында «Жаңа территория-2017» атты жастар театрларының ІІІ халықаралық фестивалі өткен еді. 9 күнге созылған фестивалге қатысқан он екі театр ішінен  семейлік «Четвертая стена» театры бас жүлдені жеңіп алды. Жас театрға қолдау көрсету үшін арнайы келген Криста Фельдер ханым оларға шығармашылық табыс тіледі:

-Өмірдің қиындықтарын шынайы қалпында көрсете білген жас театр ұжымына алғысым шексіз. Сіздер шынымен де көрермен жүрегіне жол таба алдыңыздар.  Көрермен болып отырған өзге де балалар мен жасөспірімдерді осындай шараларға белсене қатысуға шақырамын. Швейцарияның Семеймен әріптестік қарым-қатынас орнатқанына келесі жылы 20 жылдың жүзі болады. Семей қаласына әлі де жолымыз түсетініне сенімдімін. Ол кезде бұдан да жоғары жетістікке қол жеткізесіздер деген ойдамын, – деді ол.

Айзада Сламбаева

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

В каких городах Казахстана самый загрязненный воздух

Читали: 12 113 data-ad-slot="1867841055"> Семей. 15.06. “Semeyainasy” – Министр экологии, геологии и природных ресурсов РК Магзум …

Добавить комментарий

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ