Калькулятор расчета монолитного плитного фундамента тут obystroy.com
Как снять комнату в коммунальной квартире здесь
Дренажная система водоотвода вокруг фундамента - stroidom-shop.ru
ШҚО-да қашықтықтан оқыту мақсатында қосымша 36 мың компьютер сатып алынады – Semeyainasy
Домой / Новости / ВКО / ШҚО-да қашықтықтан оқыту мақсатында қосымша 36 мың компьютер сатып алынады

ШҚО-да қашықтықтан оқыту мақсатында қосымша 36 мың компьютер сатып алынады

data-ad-slot="1867841055">
Семей. 11.08. “Semeyainasy” – Қашықтықтан оқыту барысында бала мен педагогте компьютер болуы тиіс. Шығыс Қазақстанда оқушылар мен облыс мектептерінің мұғалімдерін компьютермен қамтамасыз ету мақсатында сараптама жасалынды.
Тікелей эфир барысында ШҚО әкімі Даниал Ахметов өңірдегі мектептерде 33 200 компьютер бар екенін атап өтті. Ал оқушылардың 88 пайызы үй жағдайында компьютермен қамтамасыз етілген. 22,4 мың баланың онлайн режимде білім алуына техникалық жағдай жасалмаған. Сондықтан 17 мыңнан астам оқушы, ең алдымен әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларда тәрбиеленіп жатқан балаларға мектептердегі компьютерлер беріледі. Кейін олар компьютерді мектепке қайтарып беруі тиіс. Сондай-ақ 197 педагог қажетті техникамен қамтамасыз етіледі.
–        Мектеп жасындағы бірнеше бала мен ата-анасы қашықтықтан жұмыс істеп отырған балалар бар. Олардың дені бір компьютерді қолданады. Аталған мәселее мектеп әкімшілігінде талқыланады. 25 тамызға дейін облыс мектептеріне қосымша 9,5 мың бірлік компьютер сатып аламыз. Сонымен қатар өкіметтік қордан 26,5 мың бірлік техника алуға қаражат бөлу қарастырылып отыр. Бұл қаржы көзі балалар мен педагогтерге қажетті техниканы әперуге жеткілікті, – деді Даниал Ахметов.
Интернет мәселесі де шешімін табады. Бүгінгі күні 189 мың оқушының 18,3 мыңы интернетпен қамтамасыз етілмеген. Осы мәселені шешу үшін балаларға SIM карталар мен тарифтер қосылған жоғары жылдамдығы бар 5 620 роутер беріледі. Қалған 6 877 бала штаттық режимде білім алатын болады.
Бұдан бөлек, мектеп жасындағы балалар тұратын барлық елді мекенде интернет желісінің жылдамдығы артатын болады. Аймақ басшысының айтуынша, 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін 52 елді мекендегі интернет желісі жылдамдығын жоғарылатады.
ШҚО аймақтық коммуникациялар қызметті

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

В каких городах Казахстана самый загрязненный воздух

Читали: 1 646 data-ad-slot="1867841055"> Семей. 15.06. “Semeyainasy” – Министр экологии, геологии и природных ресурсов РК Магзум …

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ