Калькулятор расчета монолитного плитного фундамента тут obystroy.com
Как снять комнату в коммунальной квартире здесь
Дренажная система водоотвода вокруг фундамента - stroidom-shop.ru
ІШКІ ІСТЕР БАСҚАРМАСЫНДА ӨТКЕН ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІН ҰЛЫҚТАУ – Semeyainasy
Домой / Новости / Город / ІШКІ ІСТЕР БАСҚАРМАСЫНДА ӨТКЕН ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІН ҰЛЫҚТАУ

ІШКІ ІСТЕР БАСҚАРМАСЫНДА ӨТКЕН ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІН ҰЛЫҚТАУ

data-ad-slot="1867841055">

DSCN8660

Отан үшін от кешкен Ұлы Отан соғысының ардагерлерін ұлықтау бүгінгі ұрпақтың ұлағатты парызы екені анық. Осыған орай, Семей қалалық ішкі істер басқармасының қызметкерлері Жеңістің 72 жылдығы қарсаңында ішкі істер органдарының ардагерлерін құттықтады.
ІІБ мәжіліс залында өткен салтанатты жиында қалалық ішкі істер басқармасы бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Мақсат Амантайұлы Зекенов ардагерлерді құттықтап, өз сөзінде «уақыт өтсе де, өзінің орны мен мәнін жоғалтпай, маңыздылығы арта түсетін оқиғалар бар. Мұндай тарихи сәттің бірі – Ұлы Жеңіс күні, көпұлтты Қазақстанның бүкілхалықтық мерекесі. Сол бір, бүкіл дүниежүзі үшін қасиетті күн – 1945 жылдың 9 мамырынан уақыт бізді қаншама алыстата түссе, соғұрлым ол қастерленіп, асқақтай түсуде. Жеңіс күні уақыт, қоғамдық-саяси толқулар, әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, басқа да құндылықтардың бірінің де билігіне енбейтін оқиғалар қатарында тұрады. Екінші дүниежүзілік соғыс біздің халық үшін қастерлі Ұлы Отан соғысы, ал ондағы жеңіс – мәңгілік өшпес. Жеңіске адам айтса сенбейтін үлкен шығынсыз, халықтың қаһарман ерлігінсіз жету мүмкін емес еді. Бүгінгі ашық аспан мен бейбіт өмір, атқан әр арайлы таң үшін біз 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы майдандарында қаза тапқан батырларға міндеттіміз. Барша қазақстандықтардай Ұлы жеңіске семейліктер де өз үлестерін қосты. Майдан даласынан 50 мыңнан аса жерлестеріміз оралмады. Біз Отанымыдың болашағы мен тәуелсіздігі жолында құрбан болған әкелеріміз бен аталарымыздың ерлігіне, қайсарлығына бас иеміз. Біздің ардақты соғыс және тың ардагерлері бүгінгі күні де түсіністік пен сабырлық, төзімділік танытып, баршамызға үлгі-өнеге көрсетуде, жастарға тәрбие беруде. Құрметті ардагерлер! ІІБ басшылығы, өз атымнан және барлық жеке құрам атынан Сіздерді Ұлы Жеңіс мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Баршаңызға мықты денсаулық, молшылық пен бақыт, отбасыларыңызға игілік тілейміз. Көпұлтты Қазақстанның аспаны ашық, рухы биік болсын, береке-бірлігі нығая түссін»,-деді.
Сонымен қатар, ішкі істер органдарының ардагерлері отставкадағы милиция майорлары Сара Абиулқызы Аленоваға, Манаш Амренұлы Садықовқа және Виктор Павлович Домашенкоға «ІІМ құрметті ардагері» төсбелгілері және бірнеше ардагерлерге алғыс хаттар салтанатты түрде табысталды.
Салтанатты табыстау рәсімінен кейін мерекелік іс-шара Семей қ.ІІБ қызметкерлерінің күшімен дайындалған концерттік бағдарламамен жалғасты. Полиция аға лейтенанты Мәншүк Баткалова «Катюша», «Әлия» әндерін жоғары деңгейде орындап, көрермендердің ықыласына бөленді. Полиция капитаны Мақсат Отарбаевтың баян аспабында сүйемелдеуімен полиция капитаны Асқар Жүрсімбаев «Смуглянка» әнін тамылжыта орындады. Бірнеше конкурстың жүлдегері полиция капитаны Майра Қуанова «Туған жер» әнімен көрермендердің патриоттық рухын көтерсе, Мақсат Отарбаев баянмен әскери әндердің попуриын нақышына келтіре орындады. Қазақ халқының екінші әнұранына айналған «Атамекен» әнін полиция майоры Мейірғазы Масалимовпен бірге барлық қызметкерлер шырқап, әсерлі ән шеруі осымен аяқталды.
Салтанатты сәттен кейін кезінде ІІО еңбек жасаған ардагерлер Семей қ.ІІБ жедел басқару орталығының жұмысымен танысып, Тәуелсіздікпен қатар түлеп келе жатқан Қазақстан полициясының заманауи құрал-жарақтары, автокөлік, атыс қаруларымен жабдықталғанымен көріп, өз ризашылықтарын білдіріп, таңданыс танытты. Осы орайда ішкі істер және тыл ардагері Садықов Манаш «біз жұмыс жасағанда жай телефондық байланыстың өзі сирек болатын. Қазіргі таңдағы полиция қызметкерлерінің қандай жағдайда болмасын сақадай-сай көлікпен, қарумен байланыс құралдарымен қамтамасыз етілуі біздің көңілімізден шықты. Ардагер ретінде осының барлығын қоғамдық тәртіпті сақтауға, бейбіт өмірді қорғауға ғана пайдаланып, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын»- деп, ақжарма тілегін арнады.
Дәстүр бойынша ардагерлер және Семей қ. ІІБ басшылығы Отан үшін мерт болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, Ұлттық Гвардия оркестрінің сүйемелдеуімен, Жеңіс саябағындағы «Мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қойды.
Мерекелік шара ардагерлерге арналып жайылған дастарханда жалғасты.

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

В каких городах Казахстана самый загрязненный воздух

Читали: 1 846 data-ad-slot="1867841055"> Семей. 15.06. “Semeyainasy” – Министр экологии, геологии и природных ресурсов РК Магзум …

Добавить комментарий

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ