Калькулятор расчета монолитного плитного фундамента тут obystroy.com
Как снять комнату в коммунальной квартире здесь
Дренажная система водоотвода вокруг фундамента - stroidom-shop.ru
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің атауы өзгереді – Semeyainasy
Домой / Новости / Город / Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің атауы өзгереді

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің атауы өзгереді

data-ad-slot="1867841055">

IMG_7711

Семей. 26.12. «Semeyainasy» – Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің атауы «Алаш» атауына өзгеруі мүмкін. Бұл туралы бүгін Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінде өткен тұсаукесерде университет ректоры Шырын Құрманбаева айтты.

– Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетіне биыл 20 жыл толады. Осы мерейлі датаға орай университет атауын «Алаш» деп өзгерту туралы студенттер мен қала жұртшылығына ұсынып тастап жатырмыз. Алдағы уақытта көпшілік тарапынан қолдау тауып жатса, нұр үстіне нұр болар еді, – деді Шырын Асылханқызы.

Осы кеште сондай-ақ Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің докторанты, зерттеуші Раиса Төлеуқызының «Алаш бекзаты» атты монографиясының тұсаукесері өтті. Монография Алаштың саяси қайраткері Халел Ғаббасұлының қызметі мен өміріне арналған.

ІІ  бөлімнен тұратын еңбек 200 данамен басылып шыққан. Кітаптың тұсаукесері бұған дейін Астана қаласында өткен. Шараға музей қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері, автордың әріптестері мен шәкірттері және тарихшылар қатысып, кітап жайлы ойларын ортаға салды.

 

Айзада Сламбаева

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

В каких городах Казахстана самый загрязненный воздух

Читали: 237 data-ad-slot="1867841055"> Семей. 15.06. “Semeyainasy” – Министр экологии, геологии и природных ресурсов РК Магзум …

Добавить комментарий

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ