Домой / Новости / Город / Ұлттық рекордты жаңартқан жарыс өтті.

Ұлттық рекордты жаңартқан жарыс өтті.

data-ad-slot="1867841055">

MVI_7724.00_04_40_07.неподвижное изображение008

Семей.17.09.”Semeyainasy” – Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі «Қазақстан спидкубинг федерациясы» қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырып Рубик текшесін құрастырудан кезекті біріншілік ұйымдастырды.

“KSF Semey City 2018” атауына ие болған біріншілікке республикамыздың бірнеше қаласынан келген 60 – қа тарта ойы жүйрік зияткерлер қатысты. “KSF Semey City 2018” – “KSF City” біріншілігі сериясына енетін ауқымды жарыстың бірі. Бекітілген талап бойынша біріншілік Қазақстанның барлық 16 қаласында өтуі керек. Оқушылар арасында ерекше қызығушылыққа ие болған жарыс Семейден бастау алып отыр.

MVI_7724.00_00_00_00.неподвижное изображение001

Бұл жолғы жарысқа “Удивительные люди” телешоуы 2-ші кезеңінің жеңімпазы, 5х5 рубик текшесін көзді жұмып құрастырудан әлемнің 6 мәрте рекордсмені, Еуропаның 2 дүркін чемпионы, ресейлік Роман Страхов, WCA (World Cube Association) арнайы өкілі ретінде Мария Жиц арнайы келді. Естеріңізде болса, Роман Семейге бұған дейін де келген. Білім ошағымыздың қабырғасында маусым айында өткен “Semey Open 2018” халықаралық чемпионатында ол Еуропа рекордын тіркеп, жиналғандарды таң-тамаша еткен.

– Мен бұл жолы жарысқа қатысушыдан бөлек, ұйымдастырушы ретінде келіп отырмын. Алғашқы сапарымда семейлік балалардың рубик текшесіне деген қызығушылығын көріп таңғалғаным рас. Жарыс өте жоғары деңгейде өтті. Қатысушылар санына қарап, рубик текшесінің Қазақстандағы болашағы зор деп айта аламын, -дейді Роман Страхов.

MVI_7724.00_11_38_25.неподвижное изображение010

2 күнге созылған жарыс WCA (World Cube Association) бекіткен 14 түрлі тәртіппен өтті. Қатысушылардың жас ерекшелігіне шектеу қойылған жоқ. Сондықтан болар үміткерлердің ең кішісі 9- жаста болса, ересегі 39 – да. Ресми емес дерекке сүйенсек, еліміз бойынша 10 мыңнан аса осы «бас қатырғышпен» айналысатын адам бар екен. Соның 700 –ден астамы Семей қаласында.

IMG_3260

Жарыс қорытындысы бойынша Роман Страхов, Әлихан Ертұрсын, Әлімжан Кеңесбек, Әмір Мырзағалиев, Әли Мағазбеков, Әкежан Шарғали,Ердос Төлеуғазиев, Әкежан Асқар сынды епті ойыншылар жеңімпаз атанып, ұйымдастырушылар тарапынан берілген медаль, мақтау қағазы және арнайы ақшалай сертификаттарға ие болды. Жеңімпаздар қатарынан көрінген Ердос Төлеуғазиев 6х6, Әкежан Асқар 7х7 тәртібі бойынша соңғы 10 жыл бойы «мұрты бұзылмаған» Ұлттық рекордты жаңартып, есімдерін тарихқа жазып отыр. Көпшілікке қуаныш сыйлаған кезекті жарыс осылайша аяқталды.

Семей қаласындағы ФМБ

Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

В каких городах Казахстана самый загрязненный воздух

Читали: 9 048 data-ad-slot="1867841055"> Семей. 15.06. “Semeyainasy” – Министр экологии, геологии и природных ресурсов РК Магзум …

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ