Калькулятор расчета монолитного плитного фундамента тут pechenka.online
Как снять комнату в коммунальной квартире здесь
Дренажная система водоотвода вокруг фундамента - stroidom-shop.ru
Әлем Барысы Айбек Нұғымаров Абай мұражайында – Semeyainasy
Домой / Новости / Город / Әлем Барысы Айбек Нұғымаров Абай мұражайында

Әлем Барысы Айбек Нұғымаров Абай мұражайында

data-ad-slot="1867841055">

IMG-20171222-WA0013

Семей. 22.12. «Semeyainasy» – Еліміз үшін спорттық додаларда биылғы жыл шынымен де нәтижелі болды. Әсіресе жерлесіміз Айбек Нұғымаровтың бабы мен бабы қатар шауып,әлемдік жарыстарда топ жарып, Қазақстанның абыройын асқақтатып, көк Туымызды бірнеше мәрте көкке желбіретті. Айбек Нұғымаровтың Астанада өткен «Әлем барысы ‒ 2017» турнирінде ешкімге дес бермей, алтын медальді олжалағаны бір төбе. Осы жеңістері Семей жұртшылығының мерейін үстем етті.

IMG-20171222-WA0012

Осыған орай қала әкімі Ермак Сәлімов бүгін жерлесімізді жеңісімен құттықтап, сый-сыяпаттарын табыстаған еді.  Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық мұражайында Қазақстанда қазақ күресінен тұңғыш рет  төрт дүркін әлем чемпионы, Шығыстың шымыр балуаны, ауыр салмақта халықаралық спорт шебері Айбек Нұғымаровты музей директоры Болат Жүнісбеков арнайы қарсы алып, салтанатты түрде Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің құттықтау мадақтамасымен марапаттап, мұражайдың арнайы төсбелгісі – «Абай» медалін кеудесіне тақты.

Айбек Нұғымаров бұл кездесуді ұйымдастырған барлық азаматтарға ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта қазақ күресінде қол жеткізген бір белбеуі мен алтын медалін мұражай қорына табыс етуге уәде етті.

 

 

Ғанибек Түсіпбек

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

В каких городах Казахстана самый загрязненный воздух

Читали: 3 770 data-ad-slot="1867841055"> Семей. 15.06. “Semeyainasy” – Министр экологии, геологии и природных ресурсов РК Магзум …

Добавить комментарий

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ